Бұдан былай жылжымайтын мүлік техпаспортының электронды нұсқасын алуға болады

Бұдан былай жылжымайтын мүлік техпаспортының электронды нұсқасын алуға болады

Бұдан былай жылжымайтын мүлік техпаспортының электронды нұсқасын алуға болады
ашық дереккөзі
Жылжымайтын мүлік иелері бұдан былай нысандарының (пәтер, жатақхана бөлмесі, гараж бен саяжай) техникалық паспортының электронды нұсқасын онлайн рәсімдей алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы хабарлады. Цифрлық жаңашылдықты «Азаматтарға арналған үкімет» пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жүзеге асырып отыр. «ХҚО-ға бармай-ақ, техпаспортты алудың онлайн баламасы мүлік иелерінің уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін жылжымайтын мүліктің құжатын алу үшін ХҚО-ға барып, техникалық паспортқа қағаз жүзінде өтініш беру керек еді. Кейін мүлік иесі дайын болған құжатты алу үшін қайтадан халыққа қызмет көрсету орталығына баратын», – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева. Бұдан былай техникалық құжатқа онлайн өтініш беріп, дайын үлгісін электронды үкімет порталынан көшіріп алуға болады. Бұл үшін жылжымайтын мүлік иесінің ЭЦҚ-сы мен құқық белгілейтін құжатының бірінің (сату-сатып алу келісімшарты, сыйға беру шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі және т.б.) сканерленген көшірмесі болуы керек. Бастапқы төлем жүргізілгеннен кейін жылжымайтын мүлік иесі электронды құжаттың келгенін жеке кабинетінен көре алады. Жоба іске қосылған бірнеше күннің ішінде онлайн түрде келіп түскен 100-ден астам өтініш өңделген. «Айта кетейік, жеке кабинетке келген электронды техпаспортты жүктеп алу үшін жылжымайтын мүлік иесі қызметтің нақты құнының айырмасын төлегені туралы түбіртекті қоса көрсетуі тиіс. Тек содан кейін ғана қызмет көрсетушіге арнайы код хабарлама жолданып, техпаспортты көшіріп алуға рұқсат беріледі. Техникалық паспорттың электронды үлгісінің күші ХҚО-да мөр басылып берілетін төлқұжатпен тең болады», делінген хабарламада. Жылжымайтын мүлік төлқұжатын электронды түрде әзірге Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарына қолжетімді. Пилоттық жоба 2020 жылдың ақпанына дейін жалғасады.