Жаңалықтар

Сағынтаев Аргентина Росарио қаласының мэрімен меморандумға қол қойды

ашық дереккөзі

Сағынтаев Аргентина Росарио қаласының мэрімен меморандумға қол қойды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Almaty Investment Forum 2019 қарсаңында ірі халықаралық қаржы және инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Екі жақты кездесуде Түркияның экс-вице-премьері Мехмет Шимшекпен шаһардың жаңа экономикасын қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.  Сондай-ақ, отырыста Crimson Logic компаниясының вице-президенті Йонг Ви Танмен Алматы үшін пайдасы бар Сингапур компанияларының мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Катар сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші вице-президенті Мохаммед Бин Тауар Аль-Кавари басқаратын өкілетті делегациямен екіжақты іскерлік қатынасты кеңейту мәселелері талқыланып, бүгін ынтымақтастық туралы, соның ішінде Алматы компанияларымен біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумдарға қол қойылуы жоспарланған. Бақытжан Сағынтаев Аргентина Росарио қаласының мэрі Моника Фейнмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сауда-экономикалық, ғылым-білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстар нығаяды деп болжануда. Бұл бауырластық Қазақстан-Аргентина қарым-қатынасының дамуына оң әсерін тигізбек.