Ақ халаттылар алаңдаулы: Алматыда менингит жұқтырғандар көбейіп келеді
Ақ халаттылар алаңдаулы: Алматыда менингит жұқтырғандар көбейіп келеді
Алматыда жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ОРВИ) және тұмауға байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, дейді мамандар. Жыл басынан бері қалада 1440-тан астам адам тұмаумен ауырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 23 пайызға төмен. Мұның басты себебі, Алматыда қарашаның ортасына дейін құрғақ ауа райы сақталып және алдын ала сақтық шаралары дер кезінде жүргізілген. Тұмаудың 4 түрі бар десек, соның ішінде Б түрі бойынша Алматыда вакцина салу жұмыстары толықтай аяқталған. Қазіргі таңда қызылша ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді қалалық денсаулық сақтау саласының мамандарын алаңдатып отырған мәселе – Алматыда менингит жұқтырғандар көбейіп келеді.
– Біз 57 ауру бойынша инфекцияға өзіміз қадағалап отырамыз. Оның ішінде өскені – цериоздық менингит. Ана жылға қарағанда 2 есеге өскен. Оның бәрі бүгінгі күнде суық тигеннен, емделмегеннен. Салқын суға түсу, басын кептірмей далаға шыққан. Көбінесе балалар ауырады. Ана жылға қарағанда 2 есеге өсіп отыр, - дейді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің төрайымы Айзат Молдақасымова.