Келер жылы елімізде 1,3 мың шақырым жол пайдалануға беріледі

Келер жылы елімізде 1,3 мың шақырым жол пайдалануға беріледі

Келер жылы елімізде 1,3 мың шақырым жол пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
2020 жылы Қазақстанда жөнделген немесе пайдалануға берілетін 1373 шақырым автомобиль жолы ашылады, деп хабарлайды  ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. «Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру аясында 2020 және 2026 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, оның 1373 шақырымында қозғалыс келесі жылы ашылмақ», делінген хабарламада. «Орталық-Оңтүстік» бағыты бойынша жолдың 311 шақырымы, «Петропавл-Қорған» тасжолының 37 шақырымы, «Орталық-Шығыс» жобасы бойынша жолдың 13 шақырымы, «Қостанай-Денисовка» автожолының 65 шақырымы, «Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат» тасжолының 160 шақырымы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, келесі жылы «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша жолдың 60 шақырымында, «Осинов асуы» жобасы бойынша жолдың 32 шақырымында, «Талдықорған-Өскемен» автомобиль жолының 384 шақырымында, «Ұзынағаш-Отар» жолының 96 шақырымында көлік қозғалысы ашылады. Мұнымен қоса, жоспарға сәйкес «Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымы, «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 155 шақырымы пайдалануға берілмек. Еске салайық, 2020 жылы 5 917 шақырымы жол ақылы болады. 2025 жылға қарай мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 11,7 мың шақырымға жетеді.