Жаңалықтар

Дәрігерлер мандаринді көп жеудің салдары қандай болатынын айтты

ашық дереккөзі

Дәрігерлер мандаринді көп жеудің салдары қандай болатынын айтты

 Күн сайын мандарин жеу адамның иммунитетін арттырып, азғадағы токсиндерді шығарып, көңіл-күйді көтереді. Алайда бұл жемісті көп пайдаланудың денсаулыққа зияны да бар.  Дәрігерлер ағзаға залал келтірмеу үшін тәулігіне қанша мандарин жеу керегін айтты, деп хабарлайды Риа Новости.

"Орташа тәуліктік дозасы - төрт мандарин ... күн сайын мандарин мөлшерін асырмай тұтынуға болады", - деді ресейлік дәрігер-диетолог Тамара Прунцева.

Ол Жаңа жылдық мерекелерде мандаринді жеу дәстүрі цитрустық жемістерге қарсы көрсетілімдер және аллергиялық реакциялар болмаса пайдалы екенін айтты.

Диетолог Елена Тихомирова әріптесімен келісетінін жеткізді. Оның айтуынша, қыста адам ағзасына, әдетте, дәрумендер жетіспейді, сондықтан жемістерді міндетті түрде жеу қажет.

Маман мандариндер төмен калориялы өнім болып табылатынын, аталған жеміс-жидектің дәрумендерге, оның ішінде С дәруменіне бай екенін растады.

Ол "жаңа жылдың символын" қолданар алдында міндетті түрде жуу керектігін ескертті.

Дәрігерлер мандариннің зиянды тұсы бар екенін де жасырмады.

Олар аталған жемісті мөлшерінен артық пайдаланған жағдайда азғадағы аллергиялық реакциялардың дамитынын жеткізді.

Сондай-ақ, мандаринді көп қолдану асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін екенін білдірді.