Қару-жарақ ұстайтындар мен дүкендер жаппай тексеріледі

Ақтөбеде қару-жарақ ұстайтындар мен дүкендер тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп сақшылары әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Учаске» жедел шарасын өткізуді. Барлығы 7 мыңға жуық қару иесі тексерілді. Оның ішінде 208-і қаруды сақтау мен алып жүру ережелерін бұзған. Бәрі жауапкершілікке тартылды.

«Заңсыз айналымнан 9 қару тәркіленді, оның 8-і тегіс ұңғымалы және біреуі қолдан жасаған. Көбіне дабыл қондырғыларының талапқа сай емес, сейфтегі артық заттар немесе қару сақтау ережелерінің орындалмайды. Сонымен қатар қызметтік қаруды сақтау, тіркеу және қолдану тәртібін бұзған 26 нысанды анықтады», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында қызметтік қару қолданатын 144 заңды тұлға тіркелген. Оның 124-і мемлекеттік емес күзет құрылымдары, үшеуі арнайы қару дүкені, төртеуі орман және аң әлемін қорғау мемлекеттік мекемесі мен 13 инкассация қызметі, оқу орталығы.

Жыл басынан бері тексеру нәтижесінде 26 нысанда қызметтік қаруды қолдану, тасымалдау, тіркеу және сақтау тәртібінің бұзылғаны анықталды. Заң талаптарын орындамаған мекемелердің бірінші жетекшілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Back to top button