Алматыда Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді
Алматыда Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді
Алматының Алатау ауданындағы ұзындығы 4 шақырымнан асатын бұрынғы Ақсай көшесі бұдан былай Фариза Оңғарсынованың атымен аталады.
«Айтулы тарихи шараның бірі болып отыр. Атырауда аспанмен таласқан үлкен ескерткіш қойылды. Елордамызда Нұр-Сұлтан қаласында көшесі ашылды. Дәл сол секілді мерейлі белесіне орай Алматы қаласында да дәл сондай шараның бір куәсі болып отырмыз. Осы бір ауыздан осы Фариза апамызға көше берілер кезде бұл барлық деңгейлерде елдің мойындағандығын көрсетті», - деді Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай АХЕТОВ. «Фариза апай осы жерде қазақтың рухының өсуіне, қазақтың қазақ болуына, қазақтың қыздарының ешкімнен кем болмауына бір адамдай еңбек сіңірген. Сол өзінің керемет отты өлеңдерімен осы Алматыдағы қазақтың ең бір үлкен рухани анасы болып жүрді. Сонда түп түзу көше апайдың өзінің жан дүниесі сияқты ғажайып көше, айналасы паркке айналатын керемет көшені беріп жатқан Алматы қаласы әкімдігіне көп көп рахмет айтамыз», - деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке ҚҰЛКЕНОВ.