Желтоқсандағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды

Желтоқсандағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды

Желтоқсандағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды
ашық дереккөзі
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы желтоқсан айындағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар шығарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.  Пойыздар Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі күндері жүреді. «Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс «Алматы-2-ден» 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдыздары және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қаңтар күндері кері бағытта аттанады. «Алматы-2 – Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс «Алматы-2 –ден» 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді. «Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді. «Нұр-сұлтан-Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған 2 рейс 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 2 қаңтарына шейін қатынайды. Сондай-ақ, №712/711 «Нұр-сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады. Пойыз кестесіне қатысты сұрақтар бойынша, ұлттық тасымалдаушының Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).