Жаңалықтар

Президент мемлекеттік орган басшыларының сыртқы қатерлерге дайындығын тексерді

ашық дереккөзі

Президент мемлекеттік орган басшыларының сыртқы қатерлерге дайындығын тексерді

Бүгін қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қорғаныс министрлігінде стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Шараға мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты, деп хабарлайды Ақорла.  "Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды", - делінген ақпаратта. Мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығулар қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған. Тоқаев әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оқу-жаттығу соңында мемлекет басшысы өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан армиясының сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.