1 қаңтардан бастап 340 мыңнан астам отбасыға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

1 қаңтардан бастап 340 мыңнан астам отбасыға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

1 қаңтардан бастап 340 мыңнан астам отбасыға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі
ашық дереккөзі

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 мың 500 теңге, 5 балаға – 53 мың 125 теңге, 6 балаға – 63 мың 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 мың 375 теңге төленеді. Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тағайындалмайтын осыған ұқсас жәрдемақыдан 4-7 есеге көп. Еске сала кетейік, Қазақстанда бүгінде бала саны 7-ден асатын 3151 отбасы бар. «Алтын» және «Күміс алқамен»  марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді, олардың орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайды. Биылғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оны 235 мыңға жуық адам алады. Бұл мемлекеттік жәрдемақының төленуі сақтала бермек.