Батыс Қазақстанда екі балықшы мұз астына түсіп кетті

Батыс Қазақстанда екі балықшы мұз астына түсіп кетті

Батыс Қазақстанда екі балықшы мұз астына түсіп кетті
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыларды шығарып алды, деп хабарлады «Менің қалам» порталы. Оқиға 21 қараша күні кешке Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылының маңында болған. Шалқар көлінің жағасынан 200 метр жерде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі ер адамды шығарып алды. Олар балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткен. Зардап шеккендер Сарыөмір кентінің медициналық орталығына жеткізілді.