Жаңалықтар

Жылдам үй салуға мүмкіндік беретін қондырғы

ашық дереккөзі

Жылдам үй салуға мүмкіндік беретін қондырғы

«Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнесті кооперациялау». Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласында өткен конференцияда бірегей өнертабыс – құрылыс материалдарын өндіретін мобильдік зауыт таныстырылды. Конференция Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің мұрындық болуымен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында өтті. Бұл шара – Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиға. Шарада қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибесі көрсетілді. Осындай өнертабыстардың  бірі – Ideal systems компаниясының мобильдік зауыты. Жоба авторларының айтуынша, бір ғана қондырғының көмегімен Қазақстан мен әлемнің кез келген нүктесінде толыққанды үй салуға болады. «Біздің жобаның маңыздылығы – құрылыс материалдарын шығару бойынша мобильді қондырғы құра аламыз, оны Қазақстанның кез келген жеріне (барлық өңірге) тікелей құрылыс орнына орнатуға болады. Осының есебінен құрылыстағы шығындарды 15-18 пайызға қысқартуға мүмкіндік бар. Кеңес уақытында көліктік жеткізу өте арзан болғандықтан, 300 шақырымнан астам қашықтықта құрылыс материалдарын жеткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп есептелді.  Бұл технология Финляндияда ойлап табылды, біз оны қабылдап, жаңғырттық. Ол біздің құрал-жабдықтарымыз орналасқан 20 футтық контейнерді құрылыс алаңына әкеліп және блоктарды басып шығарады. Біздің қондырғы бір ауысымда 500-600 блокты басып шығара алады», – деді технологияны дамыту жөніндегі маман Сергей Сахнов. Оның айтуынша, бұл қондырғы әлеуметтік тұрғын үйді әлдеқайда арзан және жылдам салуға мүмкіндік береді. Аталған технологияның арқасында әлеуметтік баспаналарды тез және сапалы салуға мүмкіндік туады.