Жаңалықтар

Гонконгтағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды

ашық дереккөзі

Гонконгтағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды

18 қарашада наразылық білдірушілермен қақтығыс кезінде  Гонконг баптист университетінің бірінші курсында оқитын Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Консул біздің азаматымызбен кездесті, оның денсаулық жағдайы тұрақты. Оны ұстау кезінде құлау салдарынан оң қолының шынтағы аздап жырылған. Уақытша тергеу изоляторындағы жағдайға шағымы жоқ. Бүгін ұсталған студенттің ісі бойынша алдын ала тыңдаулар өтті. Қазіргі уақытта бас консулдық бұл істі ерекше бақылауға алып, дипломаттар біздің азаматтың құқықтарының сақталуын қадағалайтын болады, - делінген хабарламада. Сонымен қатар, дипломаттар қылмыстық істер бойынша адвокатты іздестіруде. Соңғы уақытта Гонконгта 4 мыңнан астам адам ұсталып, жаппай қамауға алынуына байланысты адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Гонконгта оқып жатқан барлық студенттерге Қазақстанға оралуды ұсынады.