19 Қараша, 11:33 485 0 Денсаулық Әсел ӘНУАРБЕК

Алматылық медицина ұйымдарына 92,5 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 92,5млрд теңгеден астам ақша төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, аталған қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры  2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.

Жалпы, Алматы қаласында 178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 117,3 млрд теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар