Жаңалықтар

Салықтық берешегі бар азаматтардың тізімі жарияланды

ашық дереккөзі

Салықтық берешегі бар азаматтардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша 1 млн теңгеден жоғары салық төлеуден қарызы бар азаматтардың жаңартылған тізімін ұсынды. Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік, жер және көлік салықтарын төлемеген  жағдайда  жеке тұлғаларға салықтық берешек және өсімпұл өтеу қажеттілігін ескертеді. Салықтық берешек  туралы  хабарлама  салық төлеушіге  салық берешегі есептелген  күннен бастап 20 жұмыс  күнінен кешіктірмей  жіберіледі. Егерде  хабарлама алған күннен  бастап  30 жұмыс  күнінде жеке тұлға берешегін өтемеген жағдайда салық берешегін өндіріп алу туралы бұйрық  шығарылып, 5  жұмыс  күн ішінде жеке тұлғаға  жолданады. Егер жеке тұлға салықтық бұйрықты алғаннан кейін 5 жұмыс  күні ішінде берешегін өтемесе, аталған бұйрық сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндірілуіне жіберіледі. Сот орындаушы  салықтық бұйрықты  алғаннан бастап мәжбүрлеп өндіру  жұмысын бастайды, жұмысты атқару барысында жеке тұлғаның мүлігіне, жер және көліктеріне, жеке шоттарына,  сонымен қатар шетелдерге шығуына шектеу қойылады, - делінген хабарламада. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаға салықтық берешектерін өтеуден басқа сот орындаушыға берешек сомасының 20% қызметтік ақысын төлеу қажеттілігі туындайтынын ескертеді. 1 млн теңгеден жоғары салық төлеуден қарызы бар азаматтардың жаңартылған тізімімен мына жерден танысуға болады.