Астаналық атлеттердің еншісінде - 9 лицензия

Астаналық атлеттердің еншісінде - 9 лицензия

Астаналық атлеттердің еншісінде - 9 лицензия
ашық дереккөзі

        Бүгінгі күнге дейін елордалық спортшылар 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 9 лицензия олжалап үлгерген.

         Атап айтқанда, бокстан Василия Левит пен ұлттық құрамы капитаны Данияр Елеусінов, жеңіл атлетикадан Флорида Менянова және қазіргі заманғы бессайыстан Елена Потапенко. Үш лицезия  байдаркамен және каноэмен есу бойынша спортшылар Инна Клинова, Зоя Ананченко және Олег Токарницкидің еншісінде. Досжан Картиков пен Алмат Кебіспаев та Рио-2016 олимпиадасында грек-рим күресінен әлемнің үздік балуандарымен күш сынасатын болды.

         Астана әкімінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламаға сүйенсек, төрт жылдық ҚР Спартакиадасында астаналықтар жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреген. Спортшылар 170 медаль (56 алтын, 53 күміс, 61 қола) алды. Қазіргі кезде Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы жанынан 76 спорт түрінен жаттықтыратын 25 кәсіпорын жұмыс істейді. Спортшылардың жалпы саны - 13 753, соңғы бес жылда спортшылар контингенті екі есеге артқан. Лицензиялық жарыстар әлі де жалғасуда, сондықтан Қазақстанның ұлттық олимпиада құрамасында астаналық спортшылар санының арта түсетініне сенім мол.

         Айта кетейік, Бразилиядағы жазғы Олимпиада ойындары биыл 5-21 тамыз аралығында өтеді.