Адам ағзаларын заңсыз алған: Шымкент қалалық клиникасының бас дәрігері тұтқындалды
Адам ағзаларын заңсыз алған: Шымкент қалалық клиникасының бас дәрігері тұтқындалды
Шымкенттің қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері, танымал трансплантолог, бірінші санатты хирург Абылай Донбай тұтқындалды.
Дәрігер Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес күдікті деп танылып отыр. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Абылай Донбай 18 қарашада тұтқындалған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ұлтаралық қылмыстық топтың қатысушысы болуы мүмкін. Сонымен қатар адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталуда.
Тергеу Абылай Донбай бүйректі алу және орнату бойынша заңсыз оталар жасаған деп топшылап отыр. Ол Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарының бүйрегін трансплантация жасап, сол үшін қомақты сыйақы алған деп күдіктелуде.
Қазіргі уақытта клиникалық аурухананың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторында отыр.