Жаңалықтар

Алматылықтар күніне 500 тонна нан жейді

ашық дереккөзі

Алматылықтар күніне 500 тонна нан жейді

Алматыда нан бағасын тұрақтандыру қолға алынды. Осы мақсатта Алматы қаласы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қаладағы 4 нан өнімдерін өндіруші кәсіпорынмен келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.  Аталмыш құжатқа сай аталған мекеме ас атасының бағасын 75-85 теңгеден асырмайды. Айта кететін жайт, алматылықтар бір күнде 500 тоннаға дейін 1-сұрыптағы нан-тоқаш өнімдерін жейді екен. «Бұл меморандумның арқасында Ақмола облысының ұн өндірушісінен ұнды 115 теңге тұрақтандырылған бағамен аламыз және бұл жерде біз ешқандай бюджеттік ақша, қаржы сұрап отырған жоқпыз. Бұл – кәсіпкерліктің, өзара келісімнің арқасында болып отырған жағдай», – деді «Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ департамент басшысы Сұңқар ШОРНАҚОВ.