Полиция қайтыс болған азаматқа айыппұл салып келген

Полиция қайтыс болған азаматқа айыппұл салып келген

Полиция қайтыс болған азаматқа айыппұл салып келген
ашық дереккөзі

Ресейдің Костром облысында полицейлер қайтыс болған ер адамның атына жалған хаттамалар толтырған. Бұл прокурорлық тексеріс кезінде анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Тексеріс барысында 2019 жылдың шілде-қазан айларының аралығында муниципаларалық полиция бөлімінің қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Қоғамдық орындарда мас күйінде жүру» бабына сәйкес үш жалған хаттама толтырып, Шарья тұрғынының айыппұл түріндегі жауаптылыққа негізсіз тартылғаны анықталды», - делінеді хабарламада. Ведомство мәліметінше, ер адам 2019 жылдың маусым айында көз жұмған екен. «Тексеріс материалдары полиция қызметкерін қылмыстық қудалау мәселесін шешу үшін, тергеу органдарына жіберілді. Қазіргі уақытта қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.