Жаңалықтар

Елордада Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші бой көтереді

ашық дереккөзі

Елордада Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші бой көтереді

Бас қалада ғалым, академик және геолог Қаныш Сәтпаевтың құрметіне ескерткіш қойылады, деп хабарлады Елорда Инфо. «Нұр-Сұлтан қаласында Қаныш Сәтпаевтың, ал Павлодарда Абай мен Естайдың ескерткіштері орнатылады. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Павлодарлық белгілі мүсіншілер, суретшілер, археологтар, мемлекеттік қызметкершілерден тұратын сарапшылардың назарына еліміздің атақты мүсіншілерінен 28 жоба ұсынылды», - деп жазылған Павлодар қалалық әкімдігінің Facebook парақшасында. Хабарламада айтылғандай, мүсіншілердің қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Мәскеуден келген шеберлер бар. «Жұмыс авторларына Қаныш Сәтпаевтың Отанына шексіз сүйіспеншілік, Абай Құнанбаевтың философиялық ойының тереңдігі және Естай Беркімбаевтың жанының лирикасын көрсету міндеттелген. Кездесу қорытындысы бойынша болашақ монументтер жобаларының үздік нұсқалары іріктелді», - делінген хабарламада. Ендігі уақытта іріктеуден өткен жобалар ҚР-да орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қарауына берілетін болады.