Президент осыдан 28 жыл бұрынғы тарихи оқиғаны еске алды
Президент осыдан 28 жыл бұрынғы тарихи оқиғаны еске алды
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында осыдан тура 28 жыл бұрын маңызды құжаттың қабылданғанын еске салды.
«18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді», - деп жазды Мемлекет басшысы.
18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді.
Айта кетейік, биыл қыркүйек айында мемлекет басшысы «оралман» деген атаудан бас тарту қажеттігін жеткізген еді.
«Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» терминін пайдаланғанымыз жөн. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деп жазды Тоқаев.
Қазақстанға қайтып келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына «қандас», «бауырлас» деген терминдерді қолдану қажет деген пікір бар. Осы мәселе парламентте де көтерілген еді.