Пхеньян сутегі бомбасын сынақтан өткізді

Пхеньян сутегі бомбасын сынақтан өткізді

Пхеньян сутегі бомбасын сынақтан өткізді
ашық дереккөзі

Солтүстік Корея тұңғыш рет сутегі бомбасы сыналды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап BBC агенттігі хабарлады.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік арнасынан бұл ақпаратты жария еткенге дейін бірнеше сағат бұрын АҚШ-тың Геологиялық қызметі елдің солтүстік-шығысындағы ядролық полигондардың бірінен магнитудасы 5,1 жер асты дүмпулерін тіркеген. "Бұл сынақ Солтүстік Кореяның ядролық күштерін жаңа деңгейге жеткенін білдіреді. Сутегі бомбасын сынау - бұл Чучхе төңкерісшіл идеалдар жеңісін жақындата түсіретін, біздің тарихымызға енгізілетін... әлемді дүр сілкіндірген оқиға», – делінген солтүстіккореялық ресми БАҚ-та жарияланған үкіметтің мәлімдемесінде. Бұл мәлімдемеден кейін Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төтенше кездесуге жиналатындығы жария етілді. Өткен желтоқсан айында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньян өзінің сутегі бомбасын жасап шыққандығын мәлімдегенімен, оған халықаралық қоғамдастық сене қоймаған еді. Сынақ өткізілгеннен кейін Ким Чен Ынның сөзі ақиқат екеніне әлемнің көзі жетті.