Азия чемпионаты: Қазақстанның жас боксшылары 6 "алтынмен" оралды
Азия чемпионаты: Қазақстанның жас боксшылары 6 "алтынмен" оралды
Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан ерлер құрамасы Азия біріншілігінен алты алтын медальмен оралды. Азия чемпионы атанғандар мыналар: Мұхамметсабыр Базарбайұлы, Махмұт Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Дархан Дүйсебай, Тоғамбай Сағындық және Аманат Сабырғали.
Қазақ жастарының финалдағы жекпе-жектерінің нәтижесі:
49 кг. Мұхамметсабыр Базарбайұлы — Селай Сой (Үндістан) — 4:1
52 кг. Махмұт Сабырхан — Суктет Суравут (Таиланд) — 5:0
56 кг. Бейбарыс Жексен — Хуршидбек Расулжонов (Өзбекстан) — 5:0
64 кг. Дархан Дүйсебай — Жавлонбек Юлдошев (Өзбекстан) — 5:0
75 кг. Азамат Бектас — Сухробжон Каимов (Өзбекстан) — 1:4
91 кг. Тоғамбай Сағындық — Амиршох Самадов (Өзбекстан) — 5:0
+91 кг. Аманат Сабырғали — Ю Донг Жин (Оңтүстік Корея) —5:0.