Жаңалықтар

19 сағат 19 минут: Әлем бойынша ең ұзақ әуе рейсі орындалды

ашық дереккөзі

19 сағат 19 минут: Әлем бойынша ең ұзақ әуе рейсі орындалды

Аустралияның Qantas Airlines әуе компаниясының ұшағы әуеде ең ұзақ авиарейсті орындап, рекорд жаңартты. Бұл туралы  компанияның ресми сайтында хабарланды.  Лондоннан шыққан Boeing 787-9 Dreamliner лайнері Сиднейге дейін әуеде 19 сағат 19 минут болған. Осы уақыттың ішінде борттағы 50 жолаушы күннің екі рет - Еуропа мен Азияда шыққан сәтін көрді. Бұған дейін, 2019 жылғы қазанда әуе компаниясы Нью-Йорк –Сидней бағыты бойынша 19 сағат 14 минут ұшып, ешқайда аялдамай ең ұзақ авиарейс жасаудан рекорд орнатқан болатын.