Отандық футбол командаларының бюджеті қысқарады

Отандық футбол командаларының бюджеті қысқарады

Отандық футбол командаларының бюджеті қысқарады
ашық дереккөзі

Қазақстанның футбол командаларына тықыр таянайын деді. Футболдан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған «Қайраттың» басты демеушісі «ҚазРосГаз» командаға 2016 жылы қаржы бөлмеу жөнінде шешім қабылдаған. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап, 7kun.kz хабарлады.

«Қайрат» басшылары бұл ақпаратты растап, басқа демеуші іздеп жатқандарын айтады. «ҚазРосГаз» компаниясы осыған дейін «Қайраттың» бюджетінің 70 процентін жауып келген. Ал қалған 30 пайызы – Алматы қаласының әкімдігі бөлетін қаржы. Атырау облысы әкімдігі болса, жергілікті «Атырау» командасына 531 миллион теңге бөлетінін хабарлаған. Бұл қаржы алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда қысқарған. «Шахтер» қарағандылық тобының атқарушы директоры Владимир Нидергаус клубты қаржыландыру экономикалық жағдайға байланысты қысқартылып жатқанын мәлімдеді. Қостанайлық «Тобыл» тобының директоры Талғат Баймұратов та бюджеттерінің қайта қаралып жатқанын айтты. Олимпиядалық комитеттің президенті Тимур Құлыбаев жыл сайын облыстарға спортқа 3-4 миллиард теңге қаржы бөлінетінін мәлімдеген. Оның айтуынша, Астана және Алматы қалаларына 5-6 миллиард теңге бөлінеді, оның көп бөлігі футболға жұмсалады. «Самұрық-Қазына» қорының атқарушы директоры Дархан Қалетаевтың сөзіне сүйенсек, екі рет қатарынан Қазақстан чемпионы болған «Астана» клубына 2016 жылы да үлкен жетістікке жету үшін 45 миллион доллар қажет. «Нақты шешім келер жылы қабылданады», – деді Д.Қалетаев