Президент Ақмола облысындағы мал жаятын жер тапшылығына назар аударды

14 қараша, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Президент Ақмола облысындағы мал жаятын жер тапшылығына назар аударды  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте өңірдегі мал жаятын жер тапшылығы туралы айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  «Облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 млн га, соның 88% пайдаланылып отыр. Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, облыста 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілгенін айтты. «Өңірде елеулі өзгерістер болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді», - деді Қ.Тоқаев.