Жаңалықтар

Ұлттық  спорт ұлықталды

Ұлттық  спорт ұлықталды

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ALTYN KÚZ – 2019 облыстық спорттық сайысы өтті.

Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында ең­бек етіп жүрген 400-ге жуық мем­лекеттік қызметкер қатысты. Облыстың, аудан мен қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті. Тартысты додада волейболдан І орынды – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды – Созақ ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орын – Арыс қаласы, ІІ орын – Созақ ауданы, ІІІ орын­­ды – Мақтаарал ауданы жеңіп алды. Ал кіші футболдан І орынға – Жетісай ауданы, ІІ орын­ға – облыстық ветеринариялық зертханасы, ІІІ орынға Сайрам ауданы ие болды. Жеңімпаз және жүлдегер ко­мандалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масының дипломдарымен жә­не кубоктармен марапатталды.