АҚШ-та торнадо 42 адамның өмірін жалмады

АҚШ-та торнадо 42 адамның өмірін жалмады

АҚШ-та торнадо 42 адамның өмірін жалмады
ашық дереккөзі

Америкада 4 күнге созылған жойқын торнадо мен жауын-шашын 42 адамның өмірін қиды. ТАСС-тың хабарлауынша, Нью-Мексико, Техас, Оклахома, Иллинойс, Миссисипи, Теннесси, Луизиана, Арканзас және Алабама штаттары табиғаттың тосын мінезінен қатты зардап шеккен. Мэрион округі билігінің дерегі бойынша, Иллинойс штатының оңтүстік-батысында 5 адам ажал құшқан. Өткен сенбі күні 3 ересек және 2 бала мінген көлік су толы жыраға құлап, батып кеткен. Олардың денесі келесі күні ғана судан шығарылды. Техас штатындағы Даллас қаласының маңында жағдай тіпті күрделі. Сенбі күні бұл аймақта бірнеше рет күшті дауыл соқты. Сондай-ақ, Роулетт қаласының кейбір аудандарында тонаушылыққа жол бермеу мақсатында 24 сағат бойы үйден шығуға тыйым салынды.Бұған дейін АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары Миссисипи, Теннесси, Арканзас және Алабама штаттарында болған дауыл салдарынан 18 адам көз жұмып, 60-қа жуық азамат зардап шеккенін хабарлаған еді.