Министр құттықтау жолдады
Министр құттықтау жолдады
Túrkistan халықаралық газетінің елордаға қоныс аударуына байланысты астаналық көптеген азаматтар «қоныс құтты болсын» айта келіп, басылымның алдағы шығармашылық жұмысына табыс тілеуде. Сонымен қатар ресми орган басшыларынан да хаттар келіп жатыр. Бұл жолы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мырза редакция ұжымына хат жолдаған екен.
Құрметті «Түркістандық» әріптестер!
Редакцияның Алатаудан Арқаға қоныс аударуымен құттықтаймын!
Халықаралық саяси басылымның Нұр-Сұлтан қаласынан жарық көре бастауы өте маңызды қадам.
Өзінің тұрақты оқырманы қалыптасқан беделді басылым өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағдарын жұртшылыққа кеңінен насихаттауға айрықша қызмет етіп отыр.
Túrkistan газетінің ұжымын қоныстарымен құттықтай отырып, баршаңызға қажымас қайрат, жемісті еңбек тілеймін.
Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі