Жаңалықтар

Түркістан облысында көлік жөндеу шеберханасынан ер адамның мәйіті табылды

ашық дереккөзі

Түркістан облысында көлік жөндеу шеберханасынан ер адамның мәйіті табылды

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жергілікті автокөлік жөндеу шеберханасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады otyrar.kz. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері шеберхана бөлмелерінің бірінен Өзбекстан азаматының мәйітін тапты. Жедел шаралар нәтижесінде қайтыс болған ер адамнан дене жарақаттары анықталған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тіркелген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, сол түні ұсталған азамат жәбірленушімен ішімдік ішкен, содан кейін олардың арасында жанжал шыққан. Күдікті Мақтарал ауданының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты.