Путиннің баспасөз хатшысы Назарбаевтың ұсынысына жауап берді
Путиннің баспасөз хатшысы Назарбаевтың ұсынысына жауап берді
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мен Ресей басшыларын кездестіру туралы ұсынысына жауап берді. Оның айтуынша, Путин Зеленскиймен кездесуден қашпайды, алайда оны жақсылап дайындау керек. Бұл туралы РИА Новости басылымы жазды.
Песков Кремльдің Назарбаевқа дәстүрлі түрде алғыс айтатынын және қазақстандық серіктестердің үлесін жоғары бағалайтынын, ресейлік-украиндық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтанның әсеріне алғыс білдірді.
Сондай-ақ, ол Путиннің осы жағдайға байланысты қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру, бір ағынға түсіруді қолдайтынын айтты. Алайда бұл үшін Киев тарапы да өз үлесін қосу керек екен.
Әрине, Путин мұндай кездесулерден ешқашан бас тартпайтынын айтты, дегенмен жәй ғана кездесуден ештеңе өзгермейді, оған жақсы дайындық керек деп санайды. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз "нормандтық форматты" процестеріне дайындалып отырмыз. Бұл үшін, әрине, тараптар Минскіде өз мойнына алған барлық міндеттемелерді орындауы тиіс, - деді журналистерге Песков.
Осыған дейін, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің Қазақстанда келіссөздер жүргізуді ұсынды. Назарбаев Украина президентінің көзбе-көз кездесуіне келісімін алып, Ресей көшбасшысына өз ұсынысын хабарлады.