Нұрсұлтан Назарбаев Еуразияның тұрақтылығын теңселтетін қауіп-қатерлерді атады

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразияның тұрақтылығын теңселтетін қауіп-қатерлерді атады

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразияның тұрақтылығын теңселтетін қауіп-қатерлерді атады
ашық дереккөзі
Astana Club пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігіндегі геосаяси жағдайға әсерін тигізетін негізгі қауіп-қатерлерге тоқталды.  «Мен де Еуразиядағы геосаяси жағдайға жағымсыз әсерін тигізетін қауіптер жайлы көзқарасымды білдірсем деп едім. Біріншіден, бізді келе жатқан дағдарыстан хабар беретін әлемдік экономикадағы ахуал алаңдатады. Сауда текетірестері өсіп келе жатқандықтан, геосаяси тұрақсыздық ахуалына әлемдік институттар теріс бағасын беріп жатыр. Жаһандық өсімнің бәсеңдеуі әлемдік саудаға теріс ықпалын тигізіп келеді. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыс алдындағы қарыз деңгейінен екі есе артып, әлемдік ЖІӨ-нің 80 пайызына жетті. Бұл факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылықты теңселтіп, Еуразия елдеріне қатты ықпал етіп отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында. Елбасы Astana Club отырысына қатысушылардың бірқатарымен жеке кездескенін, дәл сол кездесулерде аталған мәселелер талқыланғанын тілге тиек етті. «Екіншіден, әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шықты. Өзара санкциялар, сауда соғыстары – АҚШ пен ҚХР-дың қазіргі қарым-қатынасының қалыпты жағдайына айналып кеткен. Агрессивті риторика, экономикалық санкция – Батыс пен Ресей арасындағы негізгі қатынас тілі болып тұр. Тұрақты коммуникация арналарының болмауы ахуалды одан сайын қиындатып отыр. Жетекші державалардың арасындағы текетірес автоматты түрде Еуразияның ыстық нүктелеріне ауысып отырады. Ол жағдай Сирия мен Украинадағы мәселені бейбіт түрде шешу амалдарын қиындатады. Ал Брексит – соңғы уақыттың негізгі антиинтеграциялық оқиғасына айналды», - деді ол.