8 желтоқсаннан бастап елімізде бірқатар пойыз бағыттары өзгереді

Пойыздардың жаңа  жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыттар өзгермек. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда:

1) – №375/376  «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;

– №85/86 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт  «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді;

– сол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді  «Павлодар  – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша қатынайды;

2) Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;

Сонымен қатар, алты жолаушылар пойызының нөмірі өзгереді:

1) «Жолаушылар тасымалы»  АҚ-қа қарасты:

– № 153/154 «Нұр-Сұлтан- Семей»  енді  № 353/354;

– № 375/376 «Нұр-Сұлтан-Өскемен-1»  енді № 67/68;

– № 377/378  «Алматы-Маңғыстау»  енді  №77/78 пойызы  болып өзгереді;

2)  Жеке тасымалдаушылар:

– № 312/311 «Нұр-Сұлтан- Семей»  енді  №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ге  қарасты);

– № 307/308/ «Нұр-Сұлтан- Жезказған» енді   №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС);

– № 617/618 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» енді  №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақ бойынша бірыңғай анықтама қызметі «105»  нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін), – делінген хабарламада.

Back to top button