8 желтоқсаннан бастап елімізде бірқатар пойыз бағыттары өзгереді

8 желтоқсаннан бастап елімізде бірқатар пойыз бағыттары өзгереді

8 желтоқсаннан бастап елімізде бірқатар пойыз бағыттары өзгереді
ашық дереккөзі

Пойыздардың жаңа  жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыттар өзгермек. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда: 1) - №375/376  "Нұр-Сұлтан – Риддер" бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;
- №85/86 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Сарыағаш" пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт  "Нұр-Сұлтан-1 - Сарыағаш" деп өзгереді; - сол сияқты №673/674 "Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" бағыты бойынша жүретін пойыз енді  "Павлодар  - Нұр-Сұлтан-1" бағыты бойынша қатынайды; 2) Күн ара жүретін №712/711 "Нұр-Сұлтан – Шымкент" жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады; Сонымен қатар, алты жолаушылар пойызының нөмірі өзгереді: 1) "Жолаушылар тасымалы"  АҚ-қа қарасты: - № 153/154 "Нұр-Сұлтан- Семей"  енді  № 353/354; - № 375/376 "Нұр-Сұлтан-Өскемен-1"  енді № 67/68; - № 377/378  "Алматы-Маңғыстау"  енді  №77/78 пойызы  болып өзгереді; 2)  Жеке тасымалдаушылар: - № 312/311 "Нұр-Сұлтан- Семей"  енді  №121/122 ("Арай транс kz" ЖШС-ге  қарасты); - № 307/308/ "Нұр-Сұлтан- Жезказған" енді   №107/108 ( "Марал Нұр" ЖШС); - № 617/618 "Қызылорда-Нұр-Сұлтан" енді  №117/118 ("Марал Нұр" ЖШС). Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақ бойынша бірыңғай анықтама қызметі "105"  нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін), - делінген хабарламада.