12 Қараша, 10:55 305 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Балқашта мектеп түлектері Сәкен Сейфуллиннің мүсінін жаңартты

Балқашта Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-лицейдің алдында 25 жыл бұрын орнатылған жазушының мүсіні жаңартылды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл істі оқу орнының түлектері жүзеге асырған. Осылайша олар "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға үлестерін қосып, танымал мемлекет қайраткері, ақын, жазушының 125 жылдығын атап өтуге атсалысқан. Мүсін композициясы қайта қалпына келтірілді. Ескерткішке Сәкен Сейфуллиннің сөздері жазылған мемориалдық тақта орнатылды, - делінген хабарламада.

Жаңартылған мүсіннің ашылуына экологиялық акция себеп болды. Мектеп аумағында түлектер мен ата-аналар 125 жаңа ағаш отырғызды.

Ашылу рәсіміне қала басшылығы, жұртшылық жиналды, жазушының ұрпақтары келді. Қонақтар Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар жинақталған мектеп мұражайының экспозициясын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар