18 құжатқа қол қойылды: Асқар Маминның Түркияға сапары қалай өтті?
18 құжатқа қол қойылды: Асқар Маминның Түркияға сапары қалай өтті?
ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Президент Режеп Тайып Ердоғанмен және Вице-президент Фуат Октаймен келіссөздер өткізді. Сондай-ақ Қазақстан–Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының ХІ отырысына, екіжақты бизнес-форумның ашылуына және түрік бизнесінің капитандарымен кездесуге қатысты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.
«Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық барлық салада қарқынды түрде дамып жатыр, екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығарудың негізі салынды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Түркияны Қазақстанның маңызды әрі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастырады», — деді А. Мамин Анкара қаласында Р. Ердоғанмен кездесуде.
Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 4200-ден астам компания тіркелген. Олар энергетика, көлік, агроөнеркәсіп, машина жасау секторларында, инфрақұрылымдық құрылыста және басқа да салаларда қызмет көрсетеді. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 2,3 млрд долларға жетті. Бұл, 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 68% артық. Осы жылдың соңына қарай екіжақты сауда-саттық көлемі 3 млрд доллардан асады деп күлітуде.
Түркияға сапары аясында А. Мамин Қайсері қаласына барып, онда 2018 жылдан бастап қызмет көрсететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі бойынша жүзеге асырылған Түркияның денсаулық сақтау саласындағы алғашқы жобасына айналған қалалық аурухана қызметімен танысты.