Жаңалықтар

Кореяда жол апатына себепкер болған қазақстандық елімізге депортацияланды

ашық дереккөзі

Кореяда жол апатына себепкер болған қазақстандық елімізге депортацияланды

Оңтүстік Кореяның Чхоннан қаласында жүргізуші куәлігінсіз жол апатына түскен қазақстандық елге депортацияланды. Бұл жайында бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.  «Жол-көлік апаты Чхонан қаласында орын алған. Жеңіл көлікті басқарып келе жатқан қазақстандық жүк көлігіне соқтыққан. Оның жүргуші куәлігі болмаған. Қазіргі уақытта ол Қазақстан аумағында жүр. Ол жақта мәселе жүк көлігінің жүргізушісімен екеуара келісім арқылы шешілген. Біздің азаматымызға ешқандай талап жоқ. Оны Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүргені үшін шығарып жіберді», - деді ресми өкіл. Айбек Смадировтың айтуынша, Қазақстан азаматына емделу және жүк көлігі жүргізушісінің шығындарын өтеуге Елшілік және сол жақта жүрген қазақстандықтар қол ұшын созған. «Оған қажетті соманы жинап берді. Ол сол жақта ұзақ уақыт ем алды. Емделеу сәтті өтті. Қазір Қазақстан аумағында, оның жағдайы жақсы»,- деді ол.