Қазақ боксшысы аргентиналық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақ боксшысы аргентиналық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақ боксшысы аргентиналық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен (43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.  Қос боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гавайан Гарденс қаласында 10 қарашада таңғы уақытта бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласты. Жекпе-жек барысында Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді, сосын алтыншы раундта аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді. Әшкеев үшін бұл 14-ші кездесудегі 14-ші жеңіс. Мартинес болса спорттық мансабында тоғызыншы рет жеңіліс тапты, ол осыған дейін 43 кездесу өткізген.