Жаңалықтар

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқау басталды

ашық дереккөзі

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқау басталды

Алматы қаласында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында Батырхан Шүкенов атындағы үрмелі мыс және соқпалы аспаптар орындаушылары арасындағы ІІ республикалық конкурстың ашылуына орай концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Конкурсты Батырхан Шүкенов атындағы қор  Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ұйымдастырып жатыр. Байқау 13 қарашаға дейін алты номинация бойынша жалғасады: труба, валторна, тромбон, туба, соқпалы, джаз ансамблі. Концерт ашылуында жетекші ұжымдар мен орындаушылар өнер көрсетті: үрмелі оркестр,  Құрманғазы консерваториясы атындағы домбырашылар мен қобызшылар ансамблі, ағаш үрмелі аспапттар квинтеті,  көне музыкалық D'EL'SA Consort ансамблі, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Ж. Ерманов, М. Бисенғалиев, Д Құрманалинова, М. Керімбаев, Г. Құрамбаева, Ж. Хидуанова, А. Алина, А. Мусаипов және басқалар. Жеңімпаздар 13 қарашада анықталады Конкурстың жалпы жүлде қоры - 5 250 000 астам теңге.