Елордада неміс фильмдерінің күндері өтеді
Елордада неміс фильмдерінің күндері өтеді
Елордада көрермен назарына неміс фильмдері ұсынылады. Бұл туралы Қазақстандағы Гёте институты хабарлады.
«Қазақстандағы Гёте институты елордадағы Chaplin Mega Silk Way кинотеатрымен бірлесіп Заманауи неміс киносының күндерін өткізеді», делінген институттың Facebook-тегі парақшасында. Фильмдер көрсетілімі 17-20 қараша аралығында өтеді. Кинолар неміс тілінде, субтитр орысша болады. Тегін билет көрсетілім күні кассада беріледі.
Нұрсұлтандықтарға «Құрып кеткір, Гете» (2013 жыл) «Оствинд» (2013 жыл), «Ата-ана» (2014 жыл), «Көктемнен соң күз келеді» (2015 жыл), «Баухаус рухы» (2018 жыл) фильмдері көрсетіледі.