Жаңалықтар

Lufthansa қызметкерлерінің ереуіліне байланысты 1300 рейс тоқтатылады

ашық дереккөзі

Lufthansa қызметкерлерінің ереуіліне байланысты 1300 рейс тоқтатылады

Lufthansa неміс әуекомпаниясы ұшқыштар мен бортсеріктердің ереуілдеріне байланысты шамамен 1300 рейсті тоқтатады. Ереуіл 7 және 8 қарашада екі күнге созылады, деп жазады «Свобода» радиосы. Бұл жағдай 180 мың жолаушыға зиянын тигізбек. Жолсеріктердің жаппай ереуілі 8 қарашада Франкфурта-на-Майне әуежайының маңындағы әуекомпаниясының бас кеңсесінде өтеді. Экипаж мүшелері жалақыны жоғарылатуды және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етуде. Айта кетейік, ереуілдерді қазан айында 4 әуекомпаниясының қызметкерлері бастаған еді. Сол кезде Берлин, Мюнхен, Франкфурт және Дюссельдорф әуежайларында рейстер тоқтатылды.