7 Қараша, 12:01 243 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

Құндылық құны төмендемейді

«Елбасы және түлеген Түркістан». Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтың осы тақырыппен «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласы өзімнің Парламенттегі қызметімнің мазмұнды тұстарын есіме түсіргендей болды.

Иә, мақалада атап көрсетілгендей, түркі әлемінің тал бесігі – Түркістанды қайта түлету идеясын алғаш болып тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев көтергенін біз жақсы білеміз. Өзімнің туып-өскен топырағым Түркістан өңірі болғандықтан осы бастаманы Елбасы бірінші боп көтергенде қатты қуандым. Өйткені көнеден қалған «көзі тірі» жалғыз шаһар Түркістан қайта түлейтін кез қашан болады деп бұрыннан армандап жүретінбіз. Елбасымыздың бұл идеясы үшінші мыңжылдықтың басында тойланған, Түркістанның 1500 жылдығына арналған ғылыми конференцияда жан-жақты баяндалды. Аталмыш мақалада автор "Елдіктің алтын тұғыры" саналатын киелі шаһардың өткен-кеткен тарихына саяси сипаттама бере келе дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайына жиналған қонақтардың Түркістанға берген бағасы мен батасы туралы әдемі ойын әдіптей жеткізіпті.

«Ізгі мұраттар ілімі» мен «Киелі шаһар келешегі» деп аталатын бөлімде рухани астанамыздың болашақ келбеті, ілімі мен білімінің қандай болары жан-жақты баяндалған екен. Мақала бүгінгі жастарға үлкен ой салатындай ғибрат ұсынып отыр. Мұның барлығы Елбасы еңбегі арқылы өріліп, өркенді елге құлаш сермейтін тарихи құндылық болып қалары даусыз.

                                                                   Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері.

Соңғы жаңалықтар