Шаһарға шырай берер «Гүлдер»

Шаһарға шырай берер «Гүлдер»

Шаһарға шырай берер «Гүлдер»
ашық дереккөзі
Түркістан шаһары күн өткен сайын түрленіп, жаңаша келбетке ие болып келеді. Қаланың көркін келтіретін орындар қатарына Есім хан алаңынан ашылған «Гүлдер» саябағы да қосылды. Аталған демалыс орны – «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің мердігерлік еткен кезекті жобасы. Абаттандыру жұмыстарына екі айдың көлеміндей уақыт кеткен. Демалыс орнында диаметрі 35 метрлік субұрқақ, 10 үлкен және 72 кіші жарықшамдар, хоббиттер үйі, орталықтар, көгал және гүлдер қойылған. Алдағы көк­темде мұнда  раушан және басқа да сан алуан түрлі гүлдер егі­леді. Саябақтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан об­лысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Еліміздің жауһарына айналатын Түркістандағы әрбір нысан біз үшін аса маңызды. Мұндай орындарды жаңғырту арқылы біз тұрғындарға жайлылық пен ыңғайлылық танытуды көздейміз», – деді. Түркістанда саябақтар саны алдағы уақытта да артатын болады. Олар  бір-бірін қайталамайды, әрқайсысының өзіндік ерек­­­шелігі болмақ. Жақын уақытта құрылыс жұмыстары қар­қын­ды жүріп жатқан Отырар ықшамауданындағы әкімшілік-іс­кер­лік орталықта жаңа алаң бой көтереді. Сондай-ақ жыл соңы­на дейін Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағы мен кіші аллея қайта жөндеу жұмыстарынан өтіп, пайдалануға беріледі. Қа­ла­ның шеткі аумағында салынып жатқан сегіз аллеяның да ашылу салтанатына аз уақыт қалды.