Балығы тайдай тулаған өлке

Балығы тайдай тулаған өлке

Балығы тайдай тулаған өлке
ашық дереккөзі
Теңіз төскейінен орын тепкен айдынды Арал өңірі – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған тарихи мекен, жыр өлкесі. Киелі топырағында талай сындарлы кезеңдерді бас­тан өткерген Арал бүгінде теңізі мен су маржаны, ақ ал­тыны – ас тұзымен әлемге әйгілі. Аралда негізінен ата кә­сіп саналатын балық және мал шаруашылығы кеңінен қа­нат жайған. – Негізгі мақсатым – туған же­рім­ді, елімді көр­кейту. Бір тал ек­сең де Арал ауданын көр­кей­ту. Арт­та өнегелі, жақсы із қалса деймін, – дей­ді аудан әкімі Мұхтар Ораз­баев. Халық ш­а­руа­шылы­ғы­ның негізгі салалары – балық аулау, ба­лық, тұз өңдеу және мал шаруа­­­шылығы. Ау­дан­­да ас тұзы­ның, тевардит, мерабилит және шы­­­ны өндірісіне қажетті кварц то­пырағының мол қоры бар. Бүгінгі күні ауданда балық шаруа­шылығы са­­ласы ауыл шаруа­шы­лығы салаларының бірі бо­­лып қа­лыптасқан деуге болады. Балық ша­руа­шы­лығы, өңірдің экономи­ка­сының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақ­саруы­на, оларды жұмыспен қам­та­ма­сыз етуде маңызды болып отыр. Се­бебі Арал теңізі мен Сырдария өзе­нінің жағасында тұратын жер­гі­лікті халықтың өмірі мен тұр­мы­сы балық ау­лау­мен тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі, өткен ға­­сыр­дың 60-жылдары Сыр өңірі ба­лық шаруа­шылығының дамуы бойынша республикада ал­дыңғы қатарда болды. Жылына 55-60 мың тон­наға дейін балық ауланды. Алай­да Арал теңі­зінің тартылуы, 80-жылдардан бастап ба­лық шаруа­шылығы саласын тоқырауға ұшы­ратты. Ондаған балық өңдей­тін кәсіпорындар мен балық аулайтын шаруашылықтар жабылды. Балықшылар басқа өңірлерге көшуге мәж­бүр болды. Теңіз суының тұздылығы 30 мгр/л дейін өсіп, балық аулау мүлдем тоқтай­тын деңгейге жетті. Салыстырмалы түрде айтатын бол­сақ, 2000 жы­лы Солтүстік Арал теңізінен бар-жоғы 400 тонна балықтың бір-ақ түрі, камбала глосса балығы ау­­ланған. Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асып, ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің сол­түстік бөлігін сақтау» жоба­сы­ның бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде балық шаруа­шы­лығының дамуына үлкен мүм­кіндіктер берді. Жоба шеңберінде Сол­түстік Арал теңізіндегі Көка­рал су тоспасы, Айтек су құры­лысы кешені және Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды. Теңіз­дегі балық қоры молайып, тұр­ғылықты халықтың игілігіне ай­налды. Нәтижесінде, теңіз дең­гейі Арал қаласына 17 шақырымға дейін жақындаған. Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне құйылатын судың көлемі көбейіп, өңірдегі көптеген биологиялық түр­лер қалпына келе бастады. Кө­лемі 20-30 мың гектардан асатын ондаған ірі көлдер қалпына келіп, балық шаруа­шылығының дамуына мүмкіндік жасады. Теңіз­де бұ­рын жойылып кеткен балықтың 14 түрі қайта пайда болды. Қазір онда балықтың 22 түрі кездеседі. Ауданда балық аулау көлемі жыл санап артуда. Мәселен, балық ау­лау көлемі 2000 жылмен са­лыс­тырғанда 20 есеге өсіп, қазіргі таң­да 400-ден 8000 тоннаға жетті. Аудан аумағында балық шаруашы­лы­ғы маңызы бар Кіші Арал теңі­зінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар. Арал өңіріндегі «Аралтұз» АҚ – республика­дағы тұз қазу мен оны өндеу бойынша ең iрi кә­сi­по­рын. Биыл мекеменiң құрылғанына 92 жыл толды. Йодталған ас тұзын шы­ғарады және оның негiзгi өн­дiру­шiсi. Акционерлік қоғам сапалы тауар шығару бойынша көп­те­ген халықаралық және рес­пуб­ли­ка­лық көрме дипломдарының иегерi. 2001-2003 жылдары «Арал­тұз» АҚ-да зауыт тарихында бiрiншi рет қайта құру жұмыстары атқа­ры­лып, өндiрiске «тұз­ды екiншi рет байыту» технологиясы енгi­зiл­ген. Яғни тұзды жуу, майдалау, йод­тау және кептіру жұмыстары қа­зіргі заман талабына сай орын­да­луда. 2012 жылдан бастап «Арал­тұзға» жаңа инвестордың келуіне орай, көптеген игі­лікті шаралар жү­зеге асты. Елбасының қолдауымен жүзеге ас­қан ин­дустриалды-инновация­лық дамудың мемлекеттік бағ­дар­ла­масы – бизнесті дамытуға және жаңа бастамаларды іске асыруға кең өріс алған.  Соның арқасында «Аралтұз» АҚ ас және техникалық тұз өндірісін ұлғайту» жобасын іс­ке қосқан. Жобаға екі жарым мил­­­лиард теңгенің үстінде инвестиция салынды. дүниежүзі бойын­ша тұз өндіруге арналған құрал-жаб­дық­тың көшбасшысы Испания (Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A.) компаниясының құ­рал-жабдықтары алынған. Бұған дейін зауыт өнімділігі жылына 120 мың тонна болса, жаңа зауытты іске қосу арқылы өнімділікті 1,7 есеге ұлғайтуға мүмкіндік алған. Жы­лына 400 мың тонна тұз өн­діріледі. Ресейдің 10-15 пайыз на­ры­ғын иеленіп отыр. Бұрын «Арал­тұз» АҚ-на ішкі нарықтағы ас тұ­зы­ның 70 пайызы тиесілі болса, жаңа зауытты іске қосу арқылы ішкі на­рық­тағы үлес 90 пайызға дейін жет­кен. Сәй­кесінше сыртқы на­рық­тағы үлесі де ұлғайған. Халқының 99,9 пайызы қазақ ұлты­нан құ­рал­ған өлкеде демография оң көрсеткішке ие.  5 жылда адам саны 7 мыңға өскен. Елден еш­кім көш­пейді, қайта көшіп келу­­шілер көп. Арал ауда­ны әкім­ді­гінде көптеген жастар жұмыс іс­тей­ді.  

Б.БАЛЫҚБАЙ