Бас мүфти: Тұрақты жалақы тағайындау қажет

Бас мүфти: Тұрақты жалақы тағайындау қажет

Бас мүфти: Тұрақты жалақы тағайындау қажет
ашық дереккөзі
Елордада өтіп жатқан Қазақстан дінтанушыларының ХІ форумында имамдарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді. Бұл ретте түзету мекемелеріндегі имамдарға тұрақты жалақы тағайындау ұсынылды. Мұндай ұсынысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз айтты. Бас мүфтидің сөзінше, имамдар жүргізген жұмыстардың арасында елімізде жыл сайын 500-ден астам азамат деструктивті ағымнан бас тартып, дәстүрлі дінге қайта оралады екен. «Қоғамның ағартушы тобына жататын имамдардың тынымсыз қызметін ескеріп, оларға да әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасалса деген ұсынысымыз бар. Әсіресе, еліміздегі 100-ге жуық түзеу мекемесінде жұмыс істейтін дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы тағайындалса дейміз. Бұл дін қызметкеріне көрсетілген құрмет пен әділ баға болар еді», – деді Серікбай қажы Ораз.