Жаңалықтар

Елордалық оқушылар Анталияда өткен халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

ашық дереккөзі

Елордалық оқушылар Анталияда өткен халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

2019 жылдың 28 қазан - 3 қарашасы аралығында  Түркияның  Анталия қаласында ХІ халықаралық пәндік олимпиада өтті. Анталиядағы Туризм Академиясы,  Анталия қалалық кеңесі,  Ресей консулдығы бірлесе ұйымдастырған олимпиаданың мақсаты - оқушылардың білімге деген қызығушылығын анықтау және дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының пәндерін оқу саласындағы біліммен алмасу. Оқушылар мен әр түрлі елдердің студенттері арасында мәдени  байланысты дамыту.  Қатысушыларды Түркия республикасының білім беру жүйесімен таныстыру. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді:  Математика; физика; химия; биология;  дүниетану; ағылшын тілі; орыс тілі; түрік тілі; дүниежүзі тарихы; бейнелеу өнері, Туризм және қонақ үй менеджменті (теориялық және практикалық  кезеңдер). Олимпиадаға 24 мемлекеттен  1500 оқушы қатысты.