Жалдамалы пәтер: Нұр-Сұлтанда жастарға көмек беретін 3 орталық жұмыс істеуде

Жалдамалы пәтер: Нұр-Сұлтанда жастарға көмек беретін 3 орталық жұмыс істеуде

Жалдамалы пәтер: Нұр-Сұлтанда жастарға көмек беретін 3 орталық жұмыс істеуде
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында ЭЦҚ мен жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжаттар тізімін беретін 3 қосымша орын ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  
6 қарашадан бастап халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, Сарыарқа мен Есіл аудандарының open akimat (ашық әкімдік) алаңында жұмыс істей бастады. Мамандар жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін ЭЦҚ (электронды-цифрлық қол) мен қажетті құжаттар тізімін береді.
Бұдан басқа, штаттық режимде ЭЦҚ қаланың барлық ХҚКО-ларында да беріледі. Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 5-10 қараша аралығында жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау Smart Astana порталы арқылы жүзеге асырылады. ЭЦҚ беру бойынша қосымша нүктелердің мекен-жайлары: «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14; Сарырка ауданы - Сарыарқа к-сі, 13; Есіл ауданы - Қабанбай батыр даңғылы, 33.