Бүгіннен бастап елордада жастарға арналған баспанаға өтініш қабылдау басталды

Сондай-ақ!

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлімдеді. «ҚР Сыбайлас...

Ұлттық банк теңгенің нығаюын түсіндірді

Апта басында бір долларға шаққандағы бағам 427,98 теңге болса, бүгін ұлттық валюта қыркүйек айынан бері алғаш рет 423 деңгейіне жетті. Ұлттық банктің Монетарлық операциялар...

Елбасының Nur Otan партиясы съезінде сөйлеген сөзі (видео)

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде Nur Otan партиясы еліміздегі ең басты саяси күш...

Перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген қазақстандықтар сотқа шағымданды

Павлодар облысының тұрғындары Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов кезінде перзентханада ауысып кеткендерін 35 жыл өткеннен кейін ғана біліп отыр. Бұл туралы Tengrinews сайты жазды. Нариманның ауылдастары жастайынан оның өз ата-анасы, туған-туыстарына...

5-10 қараша аралығында елордада жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер бойынша өтініш қабылданады. Жалдамалы пәтерге өтінімді 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бере алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Пәтердің ай сайынғы төлемі үйдің жалпы ауданының көлеміне байланысты 5 мыңнан 15 мың теңге аралығында болады.

«Азаматтарға ыңғайлы болу үшін осы бағдарламаны электронды түрде жүргізуді жөн көрдік. Өтінім Smart Astana порталы арқылы электронды түрде қабылданады. Жалдамалы үйден үмітті болсаңыз Smart Astana порталында ЭЦҚ арқылы онлайн режімде өтініш жібере аласыз. Өтініш бергеннен кейін біз оны өңдейміз. Өңдеу уақыты бірнеше күнді алады. Осыдан кейін өтінім берудегі кемшіліктерді жою үшін сізге бір күн береміз. Егер сіз тізімде бір нәрсені ұмыт қалдырсаңыз немесе нақты мәртебеңізді, деректерді нақтылағыңыз келсе, әр үміткерге құжаттарды толықтыруға бір күн береміз. Сондай-ақ ол да электронды тәртіпте жүргізіледі», – деді елорда әкімдігінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қорының директоры Нұрсұлу Қожахметова.

Өтінімдер қарашаның 5-сі мен 10-ы аралығында қабылданады. Іріктеуден өткен жастардың тізімі 2019 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей жарияланады. Сондай-ақ жалдамалы пәтерге іліккен жастар биыл жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайтын болады.

«Әр отбасының құрамы әртүрлі, сондықтан мәртебесі де әрқалай болмақ. Көп балалы болсаңыз да, үш бөлмелі пәтердің берілмейтінін, тек бір және екі бөлмелілер таратылатыны ескеру керек. Тұрғын үй сатып алу, ұзарту құқығынсыз бес жылға беріледі. Яғни бес жылдан кейін біз сізден осы тұрғын үйді босатуды сұрауға мәжбүр боламыз, өйткені біз бұл пәтерлерді басқа жастарға береміз», – деп қосты Тұрғын үй қорының директоры.

Белгілі болғандай, жалға берілетін тұрғын үйлер Ш.Уәлиханов-С.Сейфуллин көшесінің қиылысында («Астаналық» базарының маңайы), Бөгенбай батыр мен Ә.Жангелдин көшелерінен беріледі. Бір бөлмелі пәтер ауданы 30-45 шаршы метр болса, екі бөлмелі 46-70 шаршы метр аралығында. Бәрі де – жаңа пәтерлер. «Заң бойынша біз аяқталмаған үйді бере алмаймыз. Жиһазды жастарды өздері сатып алуы керек», – деді Н.Қожахметова.

Ал Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына өтініштер қабылдау 30 қазанда басталды, 12 қарашаға дейін жалғасады. Сонымен қатар жастарға арналған баспана елорданың қай аудандарынан берілетіні хабарланған болатын. Жастарға арналған баспаналардың кілті жыл соңына дейін берілетін болды. Мемлекеттік тұрғын үйге қалай кезекке тұруға болатынын мына жерден көруге болады.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....
мас күйінде көлік жүргізген

23 жасар атыраулық қыз Instagram арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы қызды ұсталды. «24 қараша күні 01:35-те...

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3...

Ұлттық банк теңгенің нығаюын түсіндірді

Апта басында бір долларға шаққандағы бағам 427,98 теңге болса, бүгін ұлттық валюта...

Елбасының Nur Otan партиясы съезінде сөйлеген сөзі (видео)

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті...

Перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген қазақстандықтар сотқа шағымданды

Павлодар облысының тұрғындары Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов кезінде перзентханада ауысып кеткендерін 35 жыл...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...