«Таза сессияның» нәтижелері «Nur Otan Trends» алаңында талқыланады

«Таза сессияның» нәтижелері «Nur Otan Trends» алаңында талқыланады

«Таза сессияның» нәтижелері «Nur Otan Trends» алаңында талқыланады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы – Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін зерделеп, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің талқылауына шығаруды тапсырды. «Nur Otan» партиясы сыбайлас жемқорлықсыз оқу орындарын қолдай отырып, осы құбылыспен күреске бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. 2019 жылдың қыркүйек айында «Jas Otan» жастар қанатымен 14 929 студент арасында «Таза сессия» ауқымды социологиялық зерттеу жүргізілген болатын. Нәтижелері 4 қарашада «Nur Otan Trends» алаңында талқылауға ұсынылады. Дискуссиялық алаңда сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық проблемалары, оның себептері мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланатын болады. «Nur Otan» партиясы сапалы жоғары білім беру – ол Қазақстанның табысты болашағының кепілі және ол сыбайлас жемқорлықтан тазартылуы тиіс екеніне баса назар аударуда. Пікірталас барысында келесі сұрақтар талқыланады:
  • ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық. Жастардың әлеуметтік бағдарлары. «Jas Otan» ЖҚ «Таза сессия» акциясының қорытындысы;
  • Мінез-құлықтың жемқорлық модельдері. «Оқытушы-Студент» екі жақты жауапкершілік;
  • Қазақстан қоғамындағы сыбайлас жемқорлыққа төзімділік деңгейі қандай?;
  • Жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті: Қазақстан шынайылығындағы миф немесе шындық;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру. Халықаралықтәжірибе.
  Спикерлердің сөз сөйлеуі10-15 минут Сұрақтарға жауап3-5 минут Жалпыұзақтығы–1сағат20 минут *«Таза сессия» социологиялық сауалнама нәтижелері қатысушыларды таныстыру үшін осы құжатқа қоса беріледі.   NUROTANTRENDS қатысушылартізімі  
Қатысушының аты-жөні Мекеме
СЕЛТЕЕВ Оразғали Қаймолдаұлы Модератор
КӘРІБЕК Дәулет Жамаубайұлы «JAS OTAN» ЖҚтөрағасы
ТОЙБАЕВ Әділет Жүнісұлы ҚР БҒМ Жоғарыжәнежоғарыоқуорнынанкейінгібілімдепартаментінің директоры
САБЫРБАЕВ ДаниярБауыржанұлы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық департаментінің директоры
ОРДАБАЕВ ОлжасТемірбекұлы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы БасқармаТөрағасыныңорынбасары
ДӘУЛЕНОВ Мирас Мұхтарұлы М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің провосты, академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы
ШИЯН Ольга Владимировна «Transparency International Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры
АШИРОВ Дамир Маратұлы «SANALY URPAQ» студенттік клубының жетекшісі