Шымкентте бір отбасының екі баласы астан уланып, көз жұмды

Шымкентте бір отбасының екі баласы астан уланып, көз жұмды

Шымкентте бір отбасының екі баласы астан уланып, көз жұмды
ашық дереккөзі
Шымкентте бір отбасы астан уланып, анасы мен үш баласы ауруханаға түскен. Алайда дәрігерлер 1 және 4 жасар баланы аман алып қала алмады. Бұл туралы Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.  Кеше сағат 10:30-да жұқпалы аурулар ауруханасына «тағамнан улану» диагнозымен бір отбасыдан шыққан балалар мен анасы түскен. Олар Еңбекші ауданына қарасты Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйден жеткізілген. Отағасының айтуынша, алғашқы ауырған сәтте, яғни түнгі 04:42-де осы мекенжай бойынша жедел жәрдем шақыртқан. Себебі тамақтан уланған әйелі мен үш перзенті жаппай құсқан. Ауырсыну белгілері байқалған. Жедел жәрдеммен келген медицина қызметкерлері ем тағайындап, кетіп қалған. Алайда жанұя мүшелерінің жағдайлары одан сайын нашарлап, таңертең тағы медициналық көмек шақыртқан. Сөйтіп 1987 жылы туған анасы мен 2008, 2015, 2018 жылдары туған балалары токсикологиялық бөлімшеге жатқызылған. «Күндізгі сағат 11:00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 ж. т. бала қайтыс болды. Сағат 14:00-де 2018 жылы туған бала көз жұмды. Қазіргі таңда олардың өлімнің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аман қалған екі адамның жағдайлары қанағаттанарлық. ТЖ департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барған. Олар мұқият талдаудан кейін улы газбен улану фактілерін тіркемеді», – делінген хабарламада.